Әлемдік хит жазған Қазақстан тұрғынын жоғары оқу орнына ментор болуға шақырды

0
2 529

Аталмыш жоғары оқу орнында ІТ-ден қосымша курстар әртүрлі мамандықта оқып жатқан студенттерге арналады.


Әлемдік хит жазған Қазақстан тұрғынын жоғары оқу орнына ментор болуға шақырды

ERNUR.KZ. Торайғыров университетінде ашылатын ІТ-факультетіне Imanbek-ті цифрлық музыканың менторы болуға шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш жоғары оқу орнында ІТ-ден қосымша курстар әртүрлі мамандықта оқып жатқан студенттерге арналады.

Цифрлық дыбыс операторы, SMM, web-әзірлеуші, видеопродакшн, кескіндеме және дизайн сияқты қосымша мамандық алып шығудың жолы ашылды.

Imanbek Торайғыров университетіне цифрлық музыка менторы болуға шақырылған.

«Мысалы, Иманбек Зейкенов сияқты тасымалдау, қозғалыс және көлік құралдарын ұйымдастыру мамандығын оқисыз. Сонымен қатар цифрлық дыбыс операторы мамандығын қосымша меңгеруіңізге болады емесе өзіңіздің әуестігіңіз бойынша курс бітіріп алуға болады», - дейді жоғары оқу орнындағылар.

Торайғыров университетінің ректоры Мейрам Бегентаев бакалавриатқа арналған қосымша білім бағдарламасының модулін жасауға көмектескен және жаңа майнордың менторы болуға келісім берген Imanbek-ке алғыс айтты.

Еске сала кетсек, «Грэмми» 63-музыкалық сыйлығының номинанты Imanbek YouTube желісіне SAINt JHN орындайтын Roses әнінің ремиксін салғаннан кейін әлемдік деңгейде танымал болды.

Видео 117 миллионнан астам қаралым жинап, U.S. Billboard Hot 100 рейтінгінде үздік үштікке кірді. Рэпер Карлос Сент-Джон оған осы ремикс үшін алғыс айтты. Видео @videogram_kaz-да жарияланды.