Әлеуметтік әмиян ең алдымен еліміздің қай өңірлерінде іске қосылады

0
448

Әлеуметтік әмиян жобасын еліміздің бірқатар өңірінде іске қосу жоспарланған.


Әлеуметтік әмиян ең алдымен еліміздің қай өңірлерінде іске қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады. Сонымен қатар Павлодар мен Ақмола облысының Ақкөл ауданында іске қосу көзделген. Осы үш аумақ ілкі жобаның бірінші кезеңіне қосылған. Содан кейін қалған өңірлер кезең-кезеңімен жобаға қосылатын болады», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Осы ретте вице-министр аталған үш аумақтың не үшін іріктеп алынғанын түсіндіріп берді.

«Бұл - әзірше ілкі жоба ғана. Сондықтан қалалық ортаны, облыстық маңызы бар қаланы және аудандық елді мекенді таңдап алдық. Бұл аталған жүйенің барлық мүмкіндіктерін тексеру үшін жасалып отыр. Аталған жобамен барлық әлеуметтік төлемдерді және Қазақстанды осы жылдың ішінде-ақ қамтуды көздеп отырмыз», - деді ол.