Әлеуметтік желіде Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды

0
655

Гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі.


Әлеуметтік желіде Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды

Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұрағаттан алынған кадрлар Instagram желісінде пайда болды.

"Гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі. Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирлерге жиі қатысатын", - деп жазылған баспасөз мәліметінде.

Видеодан Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүргенін көруге болады, онда Қасым-Жомарт Тоқаев та байқалады.


Елбасы сайтындағы мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев тенниске де қызығушылық танытады, ол 55 жасында шаңғы тебуді бастаған.