Әлеуметтік желіде тұтқындар "қашып кеткені" туралы хабарлама тарап жатыр

0
1 302

Әлеуметтік желіде ер адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан қашқаны туралы ақпарат тарады.


Әлеуметтік желіде тұтқындар

ERNUR.KZ. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тұтқындардың жаппай қашуы туралы хабарламаларға түсініктеме берд, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан қашқаны туралы ақпарат тарады.

"Осы тұлғаларға қараңыз, олар қылмыскерлер, олар бас бостандығынан айыру орындарынан қашып кетті, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, мүмкіндігінше көп танысыңызға жіберіңіз, бей-жай қарамаңыз, олар қауіпті және қаруланған. Ешқандай әрекет жасамаңыз. Бірден 102 нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.

ҚАЖК баспасөз қызметі таратылған хабарламаның жалған екенін айтып, толығырақ ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.