Әлеуметтік желіде жәрдемақының 30 мың теңгеге өскені туралы ақпарат тарады

0
504

Министрлік мәліметінше, биыл инфляция дәлізін 4-6%-тен 8-10%-ке дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақылар қосымша индексацияланады.


Әлеуметтік желіде жәрдемақының 30 мың теңгеге өскені туралы ақпарат тарады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала кезінен мүгедектерге берілетін жәрдемақы 30 мың теңгеге ұлғайғаны туралы әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Министрлік мәліметінше, биыл инфляция дәлізін 4-6%-тен 8-10%-ке дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақылар қосымша индексацияланады.

Жәрдемақы мөлшері президент "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге қол қойғаннан кейін бір-ақ өседі. Қазір заң жобасын парламент сенаты қарап жатыр.

Айта кетсек, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болады.

Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индексацияланады. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап осы жәрдемақының мөлшері 5%-ке өсті.

Еңбек министрлігі қазақстандықтарға жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.