Әлихан Смайылов ЕҮК отырысына қатысу үшін Арменияға барды

0
781

Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарлануда.


Әлихан Смайылов ЕҮК отырысына қатысу үшін Арменияға барды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Арменияның Цахкадзор қаласына барды, деп жазады ҚазАқпарат.

ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.