Әлихан Смайылов құрғақшылық салдарын жою бойынша шаралар қабылданғанын айтты

0
468

Сонымен қатар ол биыл мал азығын дайындауға арналған техника мен суару жүйелерін сатып алу үшін "ҚазАгроҚаржы" компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінгенін айтты.


Әлихан Смайылов құрғақшылық салдарын жою бойынша шаралар қабылданғанын айтты

Бірқатар өңірлерде егін орағы басталып кетті. Ал егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады Zakon.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажет шара қабылданды. Нарықтық бағадан 15%-ке төмен бағамен 426 мың тонна дизель отыны бөлінді. 140 млрд теңге бюджеттік кредит беру көзделген. Сонымен бірге жаңа астықты форвардтық сатып алуға 81 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар ол биыл мал азығын дайындауға арналған техника мен суару жүйелерін сатып алу үшін "ҚазАгроҚаржы" компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінгенін айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде үкімет резервінен қаражат бөлінеді", - деді премьер-министр.

Смайылов "Бәйтерек" холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың кредиттері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет екенін айтты.

"Жалпы жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды", - деді премьер-министр.