Әлихан Смайылов ТМД елдерін қымбатшылықпен бірге күресуге шақырды

0
520

Бұл туралы ол ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында айтты.


Әлихан Смайылов ТМД елдерін қымбатшылықпен бірге күресуге шақырды

ERNUR.KZ. Әлихан Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ол ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында айтты.

Қатысушылар экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Еске салайық, биыл Ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Соның аясында Әлихан Смайылов басым міндеттерінің бірі өзара сауда көлемін ұлғайту және оны әртараптандыру екенін атап өтті.

Былтыр Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен өзара сауда көлемі 32 млрд доллардан асты. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша шамамен 7,5 млрд доллар. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қойылды. Соның ішінде Биологиялық материалмен алмасу туралы келісімге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы жануарларын молайту кезінде генетикалық материалдың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы құжаттар бар. Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2022 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

"Әлемдегі дағдарыс азық-түлік нарығына кері әсер етіп отыр. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне сәйкес әлемдегі азық-түлік бағасының индексі былтырғы сәуірмен салыстырғанда биыл 30 процентке өскен. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу үшін кезең-кезеңімен кешенді экономикалық ұйымдастыру шараларын іске асыру керек", – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.