Әлішер Кәрімов пен Amre "Ресей дауысының" келесі кезеңіне шықты

0
856

Әлішер қарсыласы Полина Клинниковамен "The Prayer" әнін орындады.


Әлішер Кәрімов пен Amre

ERNUR.KZ. Әлішер Кәрімов пен "Әміре" лақап атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының келесі кезеңіне өтті, деп жазады sputnik.kz

Әлішер қарсыласы Полина Клинниковамен "The Prayer" әнін орындады.

Александр Градский Әлішер Кәрімовті таңдады.

Жоба тәлімгерлерінің бірі Дима Билан болса Әлішер Каримовтың вокалдық қабілетіне жоғара баға берді.

"Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны әлемдік деңгейдегі орындаушылармен қатарға қоюға болады. Тембр мен дауыс күшін бір мезетте қалай қатар алып шығуға болатынын таңданып отырмын. Әлішер — ғажап музыкант", - деді ол.

Дима Биланның тобындағы Ернар Садырбаев пен Рустим Бахтияров "Мне с детства снилась высота" композиясын шырқады.

Александр Градскийдің айтуынша, ол бұл әнді 1980 жылғы Олимпиадаға арналған фильм үшін орындаған. Ол екі әншінің орындауы көңілінен шыққанын айтты.

"Менің ойымша Ернармен бұдан да қызығырақ музыка жасап көруге болады", - деді ол.