​Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді (фото)

0
1 144

Алматы қаласындағы гүлдер фестивалінде Әлия Назарбаеваға ал қызыл қызғалдақтар сыйға берілді.


​Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді (фото)

ERNUR.KZ. Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаева Алматыда қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларын таныстыру үшін ТМД елдерінен келген жас экологтармен кездесті, деп жазады Sputnik.kz.

Халықаралық форумға жиналған жас экологтар Әлия Назарбаеваға өте әдемі қызғалдақтар гүлшоғын тарту еткен.

Әлия Назарбаева әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтармен

Қызғалдақтың дәл осы сорты "Президент Назарбаев" деп аталады. Голландиялық селекционер өсірген әсем гүлдер 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды.

Ал 2018 жылы "Президент Назарбаев" және "Қазақстан" қызғалдақтары Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Тұңғыш Президент саябағына отырғызылды.