Әлия Назарбаеваның экологиялық қауымдастықтағы қызметінен кеткені белгілі болды

0
475

Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады.


Әлия Назарбаеваның экологиялық қауымдастықтағы қызметінен кеткені белгілі болды

ERNUR.KZ. Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы ретіндегі өкілеттігі өз қалауы бойынша тоқтады, деп жазады sputnik.kz.

Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады.
"Өз еркімен өкілетін тоқтатты. 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", - деді Сухоносенко.
Айта кетері, Қазақстанның экологтарын біріктіретін экологиялық ұйымдар қауымдастығы 2017 жылы құрылды.
Оған құрылған сәттен бастап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева жетекшілік етті.
Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында құрылған.