Алкоголь ішіп, есірткі шегетін жоғары сынып оқушыларын анықтау жүргізіледі

0
674

Елімізде 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданудың таралуын бағалау бойынша мониторинг жүргізіледі.


Алкоголь ішіп, есірткі шегетін жоғары сынып оқушыларын анықтау жүргізіледі

ERNUR.KZ. Елімізде 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданудың таралуын бағалау бойынша мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

«Психикаға белсенді әсер ететін зттарды қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылуларының клиникалық хаттамалары 2023 жылы әзірленуге және қайта қаралуға жататын хаттамалардың басым тізбесіне енгізілген. Биыл психикалық мінез-құлықтық бұзылулардың 12 клиникалық хаттамасы, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға арналған 7 клиникалық хаттама (апиындар, каннабиноидтар және т.б. туындаған) қайта қаралды. Қазіргі уақытта осы клиникалық хаттамалар қорытынды сараптамалық бағалаудан өтуде, 2023 жылғы қарашада оларды Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі бірлескен комиссиясы отырысында бекіту жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, Үкімет Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды (Үкіметтің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 508 қаулысы) (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітті. Кешенді жоспарда «динамикалық байқауда тұрған, «нашақорлық» диагнозы қойылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы санынан ұзақ ремиссиямен динамикалық байқаудан алынған кәмелетке толмағандардың үлесін 2023 жылы – 15, 2024 жылы – 18, 2025 жылы 20 пайыз ұлғайту» индикаторы көзделген.

«ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының аясында(Үкіметтің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысымен бекітілген) алкоголь және есірткі бойынша Еуропалық мектептік зерттеулер жобасының (ESPAD) әдіснамасы бойынша 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданудың таралуын бағалау бойынша мониторинг жүргізілетін болады», - деді Премьер-Министр.