Алматы - Орал бағытындағы рейсте баланың жүрегі тоқтап қалған

0
255

​Балаға медициналық қолдау көрсетілді.


Алматы - Орал бағытындағы рейсте баланың жүрегі тоқтап қалған

ERNUR.KZ. Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала диспансерлік есепте тұр. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған бала Алматы - Орал бағыты бойынша жүрген рейсте еді.

"Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды", - деп мәлімдеді ведомствода.

Ал Орал әуежайында баланы жедел жәрдем бригадасы күтіп алған.