Алматы-2 вокзалы өртенді

0
404

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.


Алматы-2 вокзалы өртенді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«29 қараша күні сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Өрт сағат 14:30-да өрт оқшауланып, сағат 14:50-де өрт толық сөндірілді.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздардың кешігуі болған жоқ.