Алматы әкімдігі автобуста әйелді өлімнен құтқарған жігітке ноутбук сыйлады

0
1 068

Оқиға қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде болды.


Алматы әкімдігі автобуста әйелді өлімнен құтқарған жігітке ноутбук сыйлады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікте бұрынғы әйелін өлтірмек болған ер азаматты дер кезінде тоқтатып үлгерген Райымбек Медетбекпен кездесті. Шаһар басшысы оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады, деп жазады Azattyq Ruhy.

«23 жастағы Райымбек Медетбек – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ол Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетті», - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып алған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекетінің арқасында келіншек аман қалған еді.