Алматы әкімдігі қисайған үй тұрғындарын уақытша орынға көшіруге мәжбүр болды

0
944

Келісімшарт мерзімі - үш ай.


Алматы әкімдігі қисайған үй тұрғындарын уақытша орынға көшіруге мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Зерделі-6 ықшамауданындағы қисайған 9 қабатты үйде тұрған 54 отбасы уақытша баспанаға көшетін болды. Олар жалға алу келісімшартын ұсынып та үлгерген, деп жазады Almaty.tv.

Бұл туралы шұғыл құрылған арнайы штаб өкілдері мәлімдеді. Келісімшарт мерзімі 3 ай. Ал қалған 18 жанұяға жалға берілетін пәтерлер қарастырылып жатыр.

«Экспертизаның қорытындысын әзірге айта алмаймыз. Ол бір айдың ішінде бола ма, екі айдың ішінде бола ма, әзірге бір тоқсанға келісімшарт жасап келулеріңізге болады деп айттық», – дейді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят АҒЫБАЕВ.

Еске салайын, 11 желтоқсанда Алатау ауданына қарасты бұрынғы «Алғабас», қазіргі «Зерделі-6» ықшамаудандағы тұрғын үй қисайып, тұрғындар дабыл қаққан еді. Қазір сол маңнан арнайы штаб құрылып, азаматтарға көмектесіп жатыр. Оның құрамына, төтеншеліктер, әкімдік өкілдері, полицейлер сынды құзырлы орган қызметкерлері енген.