Алматы әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады

0
1 218

Белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, сондай-ақ жазғы доңғалақта жүргендерге мүлде жолға шықпауды сұрайды.


Алматы әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады
ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады. Қар жауа бастағаннан-ақ жол жұмысшылары іске кірісіп, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдарды септі, деп жазады Zakon.kz.

Қауіпті учаскелерді, жолдардың еңісі мен биік жерлерін, жол айрықтарының съездерін қар жауғанға дейін көктайғақтың алдын алу үшін жол қызметкерлері арнайы сұйықтықпен өңдеді.

"Тротуарларды, қалың бұқара пайдаланатын орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жол жұмысшысы жұмыс істеді".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дегенмен әкімдіктегілер автокөлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, сондай-ақ жазғы доңғалақта жүргендерге мүлде жолға шықпауды сұрайды.

Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда, жол бойы мен жолды кесіп өткенде өте мұқият болу ескертіледі.