Алматы әкімі Сағынтаевтың кортежін атқылаған сәттің видеосы шықты (видео)

0
467

​Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тәртіпсіздік кезінде кортежіне оқ жаудырған сәттің видеосы шықты.


Алматы әкімі Сағынтаевтың кортежін атқылаған сәттің видеосы шықты (видео)

ERNUR.KZ. Видеода Назарбаев даңғылымен төмен қарай бағыт алған бірнеше көлікті белгісіз біреулер тоқтаусыз атқылайды, деп жазады Экспресс К.

Қала әкімінің кортежіне шабуылдың бейнежазбасы телеграмдағы НеХабар арнасында жарияланды. Видеода Назарбаев көшесімен төмен бағыт алған бірнеше көлікке аяқ асты оқ жаудырады. Видео авторы жүргізушіге дереу кері айналыңыз деп, жағдайды сипаттай түседі. Алғаш әлсін-әлсін естілген оқ даусы, кері айналып, қашуға тырысқанда пулемтпен оқ жаудырғандай естіледі.



Видео астына оқиғаның қаңтардың 6-ы кешкі уақыт екені жазылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде өзіне жоспарлы түрде қастандық жасалғанын айтқан болатын.