Алматы әкімінің орынбасары атышулы түнгі клубқа баратын болды

0
891

Sky Bar клубына барып бәрін өз көзімен көрмек.


Алматы әкімінің орынбасары атышулы түнгі клубқа баратын болды

ERNUR.KZ. Қоғамдық кеңестің отырысында Ерлан Әукенов Алматыдағы атышулы танымал SkyBar түнгі клубына қатысты мәселені өзі шешетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қала жастарының сүйікті және танымал түнгі клубына байланысты тұрғындардан жиі шағым түседі. Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы мәселені түбегейлі шешу керек деп отыр.

« Sky Bar клубына қатысты шара қолданамыз.Бақылауда ұстаймыз. Сол жерге барып бәрін өз көзімізбен көреміз»,- дейді Е.Әукенов.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары жол-көлік оқиғаларының басым бөлігіне осы түнгі клубтан шыққандар кінәлі екенін баса айтты.

« Біз Алматы қаласының түнгі өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Қайғылы оқиғалардың көпшілігі түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарынан шыққаннан кейін орын алады. Мұны қоғам өте ауыр қабылдайды. Сондықтан,ең алдымен барлық бейнебақылау камераларын біріктіру керек »,- деді ол.