Алматы әуежайы мәлімдеме жасады

0
330

Бұл ұшу алаңындағы белгілі бір қызметтердің уақтылы көрсетілмеуіне әсер етуі мүмкін.


Алматы әуежайы мәлімдеме жасады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы ауа температурасының тым төмен болуына байланысты жерде қызмет көрсететін кейбір жабдықтарда уақытша ақаулар бар екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ұшу алаңындағы белгілі бір қызметтердің уақтылы көрсетілмеуіне әсер етуі мүмкін.
"Техникалық топ бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысып жатыр. Бұған қоса әуежай қызмет көрсету немесе ұшуға техникалық қызмет көрсетудегі ықтимал кешігулерді азайту үшін әуе компанияларымен тығыз жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Күн райының қолайсыздығына қарамастан, әуежай тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр.