Алматы әуежайында адам сенгісіз көлік кептелісі орын алды (видео)

0
921

Мұндай жағдайға не себеп болғаны әлі белгісіз.​


Алматы әуежайында адам сенгісіз көлік кептелісі орын алды (видео)

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында адам сенгісіз кептеліс орын алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Әлеуметтік желіде куәгерлер Алматы әуежайына кіретін көліктердің алапат кептелісінің видеосын жариялауда.

Олардың сөзінше, әуежайдағы көліктердің толассыз тізбегі таңғы бес-алтыдан бері жалғасып жатыр.

"Әуежайда хаос. Адам сенгісіз кептеліс. 15 минутта шыға алмадым. Кассаға төлеу қажет болды, касса құрылғыларының жартысы жұмыс істемейді. Сұмдық",- деді автокөлік жүргізушілерінің бірі.


Мұндай жағдайға не себеп болғаны әлі белгісіз.