Алматы-Бішкек тас жолының маңында жантүршіктірер жол апаты болды

0
324

Жантүршіктер оқиғадан екі ер адам құрбан болды.


Алматы-Бішкек тас жолының маңында жантүршіктірер жол апаты болды

ERNUR.KZ. 13 қарашада таңғы сағат 04:00 шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 19-шақырымындағы Центральная көшесінің маңындағы бау-бақша аумағында жантүршіктірер жол апаты болды, деп жазады zakon.kz.

Nissan Maxima көлігі Алматы-Бішкек тас жолына қарай оңтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Жүргізуші оған қарсы келе жатқан көліктен көрмей қалғанын айтқан.

Оның айтуынша, жаңбырдың салдарынан жол көрінбей, жаяу жүргіншілерді дер кезінде байқамай, екі ер адамды қағып кеткен, олардың бірі мүгедек болып шықты.

Жантүршіктер оқиғадан екі ер адам құрбан болды. Мүгедек арбасындағы адам жарақат алып, дереу Қаскелең ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы ауыр. Екінші ер адам оқиға орнында қайтыс болды, оның денесі бірнеше ондаған метр ұшып кеткен.

Алматы облысының тергеушілері бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалған.