"Алматы – Доха" жаңа әуе бағыты ашылды

0
559

Аптасына екі рейс болады.


ERNUR.KZ. Бүгін "Qatar Airways" авиакомпаниясы халықаралық рейстің ашылу рәсімін өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шараға азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, "Qatar Airways" авиакомпаниясының Шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп ер Тунга Ерсой қатысты.

Аптасына екі рейс болады. Ұшақтар (Airbus А-320 типті әуе кемелері) сыйымдылығы – 132 кресло (12 бизнес класс, 120 эконом класс). Бұл рейс 2020 жылдың көктемінде ашылуы екрек еді, бірақ пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған. ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және жаңа бағыттар ашу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы "Qatar Airways" авиакомпаниясын "жыл авиакомпаниясы" деп жариялаған болатын.