Алматы іргесіндегі полигонда шыққан өрт бәсеңси түсті

0
895

Өртті сөндіруге қосымша 10 Камаз бен өрт сөндіруші машиналарға су құятын 10 техника қосылды


Алматы іргесіндегі полигонда шыққан өрт бәсеңси түсті

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт бәсеңси түсті, деп жазады sn.kz.

Қазіргі таңда өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқан техникаларға қосымша тағы 10 Камаз бен өрт сөндіруші машиналарға су құятын 10 техника қосылды.

Оқиға орнында Алматы қаласы мен облыс әкімдігінің, төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісовтың айтуынша, өрт шамамен 1 га жерді жандырған. Ең тиімдісі қазір өрт аумағын топырақпен көміп, өртенген қоқсықтың түтінінің ауамен байланысын үзу болып табылады.

Айта кетейік, алматылықтар қала төбесінде пайда болған түтін иісіне шағымданған болатын. ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында қоқыс полигоны өртенгенін хабарлады.