Алматы қаласы аумағына тірі мал өткізуге тыйым салынды

0
447

Бұл қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында көпшілік індет жұқтырып алмас үшін жасалып жатқан шара.


Алматы қаласы аумағына тірі мал өткізуге тыйым салынды
Алматыда бекеттер орнатылып, қала аумағына тірі мал өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бұл қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында көпшілік індет жұқтырып алмас үшін жасалып жатқан шара. Жаңа қаулыға сәйкес, мегаполистегі мал соятын цехтар мен базарлардың жұмыс істемейді, малды автокөліктер мен жекеменшік үйлерде сатуға және союға болмайды.
Ниет еткен жандар онлайн тапсырыс беріп, олардың құрбандығы мешітте ғана шалынбақ. Бұдан бөлек, төрт түліктің еті интернет арқылы тапсырыс бергендерге таратылады.
"Сойылған малдың етін дер кезінде тарату бойынша осы Мүфтияттың жанынан құрылған жұмысшы топқа қосымша волонтерлар тартылатын болады. Олар дер кезінде мұқтаж жандарға еттерді үлестіруге көмектесетін болады. Осы жылы да qurban2021.kz сайты арқылы өтінімдер қабылданатын болады. Өз кезегінде қалалық әкімдік тарапынан барлық карантин талаптары сақталуын қамтамасыз ету бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізіледі", - Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Кошеке.
Жаңа қаулыға сәйкес, мешіттерде Айт намазы да оқылмайды. Сонымен қатар ұйымдар, жеке үйлер мен медреселерде, адамдар көп жиналатын орындарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Шектеулер 22 шілдеге дейін жалғасады.
Ал, құрбан шалған азаматтардың барлығына бұл рәсімнің қалай жүргізілгені видео, суреттер арқылы жіберілетін болады.