​Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

0
1 447

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көлік Қапшағайға қарай кетіп бара жатқанда, алдынан ер адам атып шыққан.


​Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

ERNUR.KZ.Алматы-Қапшағай тас жолының 36-километрінде көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көлік Қапшағайға қарай кетіп бара жатқанда, алдынан ер адам атып шыққан. Жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден кеспек болыпты. Жолдың бұл бөлігі дұрыс жарықтандырылмағандықтан, жүргізуші ер адамды дер кезінде байқамай, қатты жылдамдықпен қағып кетті.

Қатты соққыдан ер адам 40-45 метрге ұшып кеткен, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Куәгерлердің болжамы бойынша Toyota CAMRY көлігі оқиға орнынан қашып кетіпті. Қаза тапқан ер адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Ешқандай құжаты жанынан табылмады.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, криминалистер және Алматы облысы ІІД іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр.