Алматы-Қостанай бағытындағы ұшақта ер адам көз жұмды

0
677

Әуекомпаниясының өкілі ақпаратты растады.


Алматы-Қостанай бағытындағы ұшақта ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы-Қостанай бағытындағы рейсте 70 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.


"9 қыркүйекте сағат 17.34-те Қостанай станциясындағы полиция желілік бөліміне Алматы-Қостанай рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын ала себебі - созылмалы ауру", - дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.


Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған факт бойынша тергеу басталды.


"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат таратылмайды", - деп түсіндірді ол.


Ал әуекомпаниясының өкілі ақпаратты растаған.


"Оқиға шынымен болды. Жолаушы 70 жаста еді. Кері қайтатын рейс біраз кешікті", - деп түсіндірді әуе компаниясының өкілі Ляззат Набиева.