Алматы – Мале авиарейсінің кешіктірілу себебі анықталды

0
2 038

Жолаушылар өтемақы мәселесі бойынша авиакомпанияға хабарласа алады.


Алматы – Мале авиарейсінің кешіктірілу себебі анықталды

ERNUR.KZ. Air Astana авиакомпаниясы Алматы – Мале рейсінің кешіктірілген себебін түсіндірді, деп жазады inform.kz.

«16 шілде күні Алматы – Мале бағытындағы KC585 рейсін орындайтын Air Astana авиакомпаниясының Airbus A321 ұшағы кесте бойынша сағат 01.47-де ұшып шықты. Ұшу барысында бақылау және қозғалтқыш тербелісі индикациясының датчигі істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес, ақауды жою үшін ұшып шыққан әуежайға қайта оралу шешімі қабылданды. Сағат 03.30-да әуе кемесі Алматы әуежайына қонды. Қону штаттық режимде өтті. Қонғаннан кейін екі сағаттан соң жолаушыларға тамақ пен сусын ұсынылды. Ұшақ бүгін сағат 18.15-те ұшып шығатыны жоспарланған», - делінген авиакомпанияның Telegram-каналында.

Жолаушылар өтемақы мәселесі бойынша авиакомпанияға хабарласа алады.

Авиатасымалдаушының мәліметінше, өзге қалаларда тұратын жолаушыларды Алматы қонақүйлеріне орналастыру мүмкін болмаған. Себебі сол уақытта серіктес-қонақүйлерде бос орын қалмаған. Жолаушылар шығын сомасын қайтарып алу үшін чектерді клиенттермен жұмыс бөліміне жіберуі қажет.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай рейстерінің, сондай-ақ басқа да бағыттардың кешігу фактілеріне қатысты тергеу жүргізетінін айтқан болатын.