​Алматы-Маңғышлақ пойызында жолаушы әйел босанып қалды (видео)

0
4 673

Алматы-Маңғышлақ пойызының купесінде жолаушы әйел қыз босанды.


​Алматы-Маңғышлақ пойызында жолаушы әйел босанып қалды (видео)

ERNUR.KZ.Алматы-Маңғышлақ пойызының купесінде жолаушы әйел қыз босанды, - деп жазады tengrinews.kz сайты.


Куәгердің айтуынша, келіншек анасымен және енесімен бірге Шымкенттен Алматыдағы перинаталдық орталыққа бара жатқан. Таңғы уақытта оның толғағы басталып кеткен. Сондай-ақ, куәгерлердің айтуынша, вагон жолаушылары жолсеріктердің кәсібилігіне тәнті болған. Олар байбалам салмай, керісінше, келіншектің босануы үшін барлық қолдан келер мүмкіндікті жасаған.

"Алматыға дейін үш сағат уақыт қалған болатын. Купеде барлығы уайымдап, байбалам сала бастады. Сол кезде жолсерік келіп, барлығын тыныштандырды, тіпті айғайлады. Медбикені әкелді. "Керек болса, өзім босандырамын. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес қой!", - дейді жолаушылардың бірі Анар Нағашыбаева.

Ер адамның акушерлік іс бойынша тәжірибесі бар екені айтылады. Оның туған ұлы да пойызда дүниеге келген екен. Айтуынша, өз әйелін өзі босандырған.