Алматы маңында бүгін екінші рет жер сілкінді

0
834

Сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпан 16 сағат 33 мин 6 секундте жер сілкінісін тіркеді.


Алматы маңында бүгін екінші рет жер сілкінді

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпан 16 сағат 33 мин 6 секундте жер сілкінісін тіркеді, Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде, Қытай аумағында жатыр. Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл, зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - делінген хабарламада.