Алматы маңында тұрғын үй кешені өртенді

0
582

5 тұрғын ауруханаға түсті.


Алматы маңында тұрғын үй кешені өртенді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Асыл арман" ТК-де өрт болды, деп жазады baq.kz.

Өрт көпқабатты үйдің үшінші қабатынан шыққан және түтіннің бәрі жоғары көтерілген. Қою түтіннен адамдар тұншыға бастаған.


Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі келіп, алтыншы үйдің үшінші подьезд тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Кейбір адамдарды өрт сөндірушілердің арнайы сатысымен түсірді.


Оқиға орнына төрт өрт сөндіру техникасы мен алты жедел жәрдем жұмылдырылған.

Тұрғын үй кешенінде болған өрттен кейін 5 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.