Алматы маңында жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғасындағы жарықтар көрсетілді

0
245

Кадрлардан мектеп қабырғасында үлкен жарықтар пайда болғаны көрінеді.


Алматы маңында жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғасындағы жарықтар көрсетілді

ERNUR.KZ. Алматы облысында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғасы жарылып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрлардан мектеп қабырғасында үлкен жарықтар пайда болғаны көрінеді.

Әңгіме Еңбекшіқазақ ауданы, Қайыпов ауылындағы мектеп туралы болып отыр. Қазақстан атындағы мектептің 2015 жылы салынғаны хабарланды.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін болғанын хабарлады. Алайда жер сілкінісінен кейін жарықшақтар 10 сантиметрге дейін кеңейгені айтылды.