Алматы маңындағы тау шатқалында өрт шықты

0
671

​Жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған.


Алматы маңындағы тау шатқалында өрт шықты

ERNUR.KZ. 9 тамыз күні таңғы сағат 5:49-да Медеу ауданындағы «Қимасар» шатқалы баурайында құрғақ шөп өртеніп, түтіннің иісі жақын маңдағы аудандарға тараған, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына ТЖД табиғи өрттерді жою бойынша бірлескен арнайы құрамы келіп, жалынды сөндірді.

«Өрт шарпыған шатқалға 36 адам, 9 бірлік техника, сондай - ақ Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері дереу жіберілді. Беткейдің тік болуына байланысты өрт сөндіру техникасын пайдалану қиынға соқты, осыған байланысты жоғарыдағы жалын ошағына өрт сөндірушілер жаяу көтерілді. Келгеннен кейін 500 шаршы метр алаңда құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды. Тұтану орнында жер жыртылып, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 07:39-да оқшауланды. Таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті жақпауды сұраймыз», – деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.

ҚР Әкімшілік кодексі 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар 100 АЕК - 291 мың 700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тыртылады. Ал үлкен көлемде залал келтірген жағдайда кінәлі тұлғаларға қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін.