Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында тағы төрт пойыз іске қосылды

0
298

Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілген.


Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында тағы төрт пойыз іске қосылды

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойызды іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қаңтарда елорданың Нұр-Cұлтан -1 станциясынан № 204/203 пойызы Алматыға сағат 18.55-те жөнелтілді. Пойыз Алматыға 11 қаңтар сағат 16.31-де келеді.

Сондай-ақ 10 қаңтар күні Нұр-Сұлтан-1 станциясынан Алматы-2 станциясына дейін №220/219 пойызы сағат 19.40-та жөнелтілді. Пойыз Алматыға 11 қаңтар сағат 18.25-те келеді.

Ал бүгін Алматыдан елордаға екі коммерциялық пойыз жолға шығады:

"Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматы-2 станциясынан 19 сағат 20 минутта жолға шығады.

"Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1" бағытындағы №205/206 пойызы 22 сағат 25 минутта жөнелтіледі. Пойыз елордаға ертең 19 сағат 13 минутта келеді. Дәл осы пойыз Алматыға 11 қаңтарда 23 сағат 43 минутта жөнелтіледі.

Сондай-ақ "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.