Алматы метросының Қалқаман станциясының құрылысы басталды

0
120

Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.


Алматы метросының Қалқаман станциясының құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Қазір метрополитеннің бірінші желісі екінші кезегін іске қосу кешенінің құрылысы жалғасуда. Ол "Достық" және "Сарыарқа" бекеттерін және батыс бағытта Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін ұзындығы 3,1 км метро желісін қамтиды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған. Қазір жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Қаржыландыру да қамтамасыз етілген", - деді ол.

Сонымен қатар, ол биылғы жылы үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталғанын жеткізді. Ол Абай даңғылы бойынша Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін және Қалқаман шағынауданында Әшімов көшесінің астымен солтүстік бағыттағы ұзындығы 2,4 км "Достық" бекеті - "Қалқаман" бекеті аралық тоннельдерді қамтиды.

Бұл кезеңнің жұмысы енді басталды. Құрылыс жұмысы үш жылға жоспарланған. Ол жерде Қарғалы өзені арқылы өтетін тоннельдердің учаскесі бар. Сол жерде химиялық бекіту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, желдеткіш ұңғыма қарастырылған. Міне, осылар бойынша жұмыстар басталды, - дейді Ернұр Абжахан.

Сөз арасында, ол Абай даңғылын ұзарту жұмыстары да әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Жоба бойынша бұл көшені Момышұлы көшесінен қаланың батыс бағытына қарай ұзарту көзделген. Қазір екі учаске бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жол салынатын жердегі үйлерді сүру қатар жүргізілуде. Бүгінгі жағдай бойынша әлі 44 үй сатып алынбады. Сондықтан бұл көшенің құрылысы келесі жылдың аяғында бітеді деп жоспарланған, - дейді ол.
Бұған дейін Алматыда 47,4 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы жүріп жатқаны хабарланды.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет