Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
803

Бауыржан Ысқақ жұмыстан шығу туралы өзі өтініш жазғаны белгілі болды.


Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ қызметінен кетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жұмыстан босағаны туралы ақпаратты аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер растады. Бауыржан Ысқақ жұмыстан шығу туралы өзі өтініш жазғаны белгілі болды.

Қызметтен кетудің басқа себептері айтылмады. Сондай-ақ оның орнына кім келетіні белгісіз.