Алматы облысында 35 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
514

Қайтарылған жерлер бойынша бөлу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.


Алматы облысында 35 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі осы жылдың қыркүйек айынан бастап жалпы ауданы 35,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жерлер жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бизнес үшін жер учаскелерін бөлу және қолжетімділік мәселелері бойынша жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде анықталды.

«Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімдерімен мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 247,4 гектар 1 учаске, Жамбыл ауданында жалпы ауданы 29.2 мың гектар 8 учаске, Іле ауданы бойынша ауданы 931.6 гектар 1 учаске, Қарасай ауданында ауданы 7 гектар 1 учаске, Кеген ауданы бойынша ауданы 1.5 мың гектар 1 учаске, Талғар ауданы бойынша ауданы 558.1 гектар 1 учаске және Қонаев қаласы бойынша 2.9 мың гектар болатын 7 учаске қайтарылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қайтарылған жерлер бойынша бөлу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

Жалпы жыл басынан бері мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауданы 51.4 мың гектар 55 жер учаскесі қайтарылды.