Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

0
1 173

Хабар-ошарсыз кеткен ер адам қинап өлтірілген.


Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында бес күн бұрын жоғалған 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні Қарасай ауданының полицейлеріне Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол Алматы облысындағы елді-мекендердің біріне кеткен жұбайының қайтып оралмағанын айтқан. Ал жоғалған адам Алматыдағы құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істеген.

«Іздестіру іс-шаралары барысында Қарасай аудандық полиция қызметкерлері ауқымды жұмыстар жүргізді. Жоғалудың барлық мәліметтерін анықтап, көшедегі бейнебақылау камераларын қарап шығып, оны іздеуге көмек көрсете алатын куәгерлерді іздеп, жауап алды. Нәтижесінде екі адам ұсталды. Олар жоғалған адамның әріптестері болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды»,-деді департаментінің баспасөз қызметінен.

Хабар-ошарсыз кеткен ер адам қинап өлтірілген. Мүрдесін тәртіп сақшылары Алматы қаласынан 100 шақырым қашықтық жерден тапты. Сондай-ақ, қылмыс жасалған орын мен жәбірленушінің денесі жеткізілген көлік те анықталды.

«Мүрдені қайда жасырғанын күдіктілердің бірі көрсеткен. Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды» - деп толықтырды облыстық полиция.