Алматы облысында 58 шетелдік елде заңсыз тұрып келген

0
328

Қабылдау-бөлу орнына 32 адам жеткізілді, жеке басын куәландыратын құжаттары және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 11 адам қамауға алынды.


Алматы облысында 58 шетелдік елде заңсыз тұрып келген

ERNUR.KZ. Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 58 шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы облысы ПД полициясы мигранттар жүретін жерлерде көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау бойынша шаралар өткізді.

"Биыл Талдықорған ПБ аумағында бірнеше рет жедел-алдын алу шаралары жүргізілді. Мақсаты - заңсыз көші-қон арналары жолын кесу, ел аумағында болу режимін бұзатын және еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратын шетел азаматтарын анықтау, сондай-ақ шетел азаматының еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер қызметіне бақылау жасау", - деді Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов.

Қабылдау-бөлу орнына 32 адам жеткізілді, жеке басын куәландыратын құжаттары және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 11 адам қамауға алынды.

"Жедел алдын алу шарасы кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын 152 рет бұзу дерегі анықталды. 131 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 58-і шетелдік", - деді полиция полковнигі Нұрсейітов.