​Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

0
260


​Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

10 ақпанда түнде кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылынан 20 км жерде қар құрсауында екі автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.


Құтқарушылар дереу оқиға орнына барды. Оқиға орнына дейінгі арақашықтық 170 шақырымды құрайды.


Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар қар құрсауында қалған техника мен адамдарды құтқарды. Медициналық көмек қажет болмады. ТЖД қызметкерлері азаматтарды ең жақын елді мекенге дейін жеткізді.


Азаматтардан қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS хабарламалар алған кезде алыс жолға шықпауларын сұраймыз, деп ескертеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.