Алматы облысында адамдарға шабуыл жасаған сиырды полицейлер атып өлтірді

0
369

Мал иесінен түсініктеме алынды.


Алматы облысында адамдарға шабуыл жасаған сиырды полицейлер атып өлтірді

ERNUR.KZ. Алматы облысында полицейлер сиырдың әйелді сүзіп, басқа да адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіргеннен кейін атып тастаған, - деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 18 сәуірде Жамбыл ауданы Қайназар ауылында болған. Полицейлер сиырдың әйелді мүйізімен көтеріп алып, өз бойынан асырып лақтырып жібергеніне куә болған. Олар зардап шеккен әйелді дереу медициналық пунктке жеткізіп, құтырған жануарды тынышталдырмақшы болған.

"Сиырды бордақылап, соймақшы болған, алайда жануар тура пышақ алдына келгенде қашып кетіп, адамдарға қарай шабуылдаған. Көшеде бірнеше адам болған, олардың арасында балалар да бар. Құтырған жануар адамдарға шабуылдап қана қоймай, мүйізімен екі көлікті сырған. Кейінірек құқық қорғау органдарының өкілдері оны адам жоқ жерге айдаған. Адам өміріне қауіп төндіргенін ескере отырып, полицейлер иесінің рұқсатымен сиырды атып тастаған", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Зардап шеккен әйелдің жағдайы дұрысталып, ауруханадан шықты. Мал иесінен түсініктеме алынды және сиыр сою үшін арнайы орын бар екенін ескертілді.

"Оқиға орнына келген аудандық ветерирария мамандары тексеру нәтижесінде сиырдан ешқандай құтыру белгілерін таппаған", - деді ведомство өкілдері.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет