Алматы облысында ағасымен жанжалдасып қалған қыз көпірден секірмек болды

0
603

Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен.


Алматы облысында ағасымен жанжалдасып қалған қыз көпірден секірмек болды

Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек Талғарда тіркелді. Екі патрульдік полицей көпірден секіруге тырысқан кәмелетке толмаған қызды құтқарып қалды. Полицейлер 16 жастағы жасөспірім қыз көпірде тұрып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқаған.

«Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.