Алматы облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды

0
2 070

Алматы облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін ашық.


Алматы облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.


«23 қаңтар күні, яғни бүгін Алматы облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін ашық екенін хабарлайды»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтар күні Қапшағай қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін республикалық жолдың жабылғанын хабарлаған болатын. Қазір қозғалыс қайта қалпына келді, жол ашық.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет