Алматы облысында аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды

0
665

Марқұм денсаулық сақтау саласының үздігі болды.


Алматы облысында аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды

ERNUR.KZ. Бүгін, 30 шілде күні Алматы облысына қарасты Қарғалы ауылындағы аудандық аурухананың директоры Сертай Сағеев 63 жасында өмірден өтті. Бұл ақпаратты Жамбыл ауданы орталық ауруханасының жетекшісі Дамир Сұраужанов растады, деп жазады kaz.nur.kz.

Сертай Сейфоллаұлы бар өмірін адал қызметіне арнады. Ол 1957 жылдың 28 қазанында Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласында дүниеге келген.

1975 жылы орта мектеп тәмамдаған соң Алматыдағы мемлекеттік медициналық университетке стоматология факультетіне оқуға түскен. Жоғарғы оқуды аяқтағаннан кейін интернатураны Алматы облыстық клиникалық ауруханасынан өткен.

Одан кейін жас маман Қарғалы аудандық ауруханасында тіс дәрігері болып қызмет ете бастаған. 1986 мен 1991 жылдардың аралығында Сертай Сейфоллаұлы Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасында стоматология бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1997 жылдан бастап, 2005 жылға дейін ол "Алмас-мед" медициналық орталығының директоры болды. 2008 жылы дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы негізінде "Жалпы тәжірибе дәрігері" кезеңінен өтті. Оның жалпы тәжірибелі дәрігер екенін растайтын сертификаты бар.

2009 жылдан бері Сертай Сағеев Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылы аудандық ауруханасының директоры болып қызмет етті. Бұл жылдары медициналық мекеменің кадрлық құрамы күшейіп, жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп, емхананың қызметтері дами түсті.

Сертай Сейфоллаұлы кадрлық құрамын кұшейту мақсатында Алматы, Талдықорған және Нұр-Сұлтан қалаларының ауруханаларымен үнемі байланыста болды. 2014 жылы оған әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары квалификациялық деңгей табысталды. Марқұм денсаулық сақтау саласының үздігі болды.

Сертай Сағеевтың әріптестері оны қатал, алайда өте әділ жетекші ретінде естерінде сақтап қалды. Ол әрдайым қоластындағылардың білімін жоғары бағалап, олардың санаттарын көтеруге ерекше мән берген. Қауіпті пневмония ақылды әрі жауапкершілігі мол адамның, кәсіби дәрігер мен білікті жетекшінің өмірін қыршынынан қиды.