Алматы облысында бала балабақшада кәріз құдығына құлап көз жұмды

0
567

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды.


Алматы облысында бала балабақшада кәріз құдығына құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында бөлісті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға туралы полицияға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында хабарланған. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.