Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

0
482

Есік пен Шелек ауылының құтқарушылары оқиға орнынан барып, төрт шақырым жерден балалардың денесін шығарды.


Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

ERNUR.KZ. Үлкен Алматы каналына жеті және он жастағы екі ағайынды балалар суға батып кетті, қайғылы оқиға 27 тамызда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Сағат 13:29-да Есік қаласындағы өрт сөндіру бекетінің пультіне Ащыбұлақ ауылының тұрғынынан хабар түскен. Ол құтқарушыларға екі баланың каналға құлап, оларды судың жылдам ағысы алып кеткенін айтқан.

Есік пен Шелек ауылының құтқарушылары оқиға орнынан барып, төрт шақырым жерден балалардың денесін шығарды. Олар екі ағайынды - 2012 жылы туған Сырым А. және 2015 жылы туған Ақжол А.

Құтқарушылардың айтуынша, балалардың киім кигені қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін. Ағайындылардың кішісі сүрініп, суға құлап кеткен болса керек. Ағасы көмектесуге тырысып, бірақ арты қайғылы жағдай болған.

"Шомылуға арналмаған жерлердегі судағы қауіпті ескерттік. Былтыр 15 жастағы жасөспірім де батып кеткен. Бұл суға шомылып, ойнайтын орын емес. Мұның ағысы қатты және өте суық су", - деді ТЖ қызметкерлері.