Алматы облысында екі бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті

0
379

Оқиға 28 шілдеде болған.


Алматы облысында екі бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданы Амангелді ауылында екі бала әжетхана шұңқырына құлап кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 28 шілдеде болған.
"Сағат 18.45-де екі бала дәретханаға түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барды", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Балаларды әкесі шұңқырдан өз бетімен шығармақ болған.
"2020 жылы туған бала қазылған дәретхана шұңқырына құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсірген. Бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмаған", - дейді ТЖД мамандары.
Құтқарушылар балаларды сағат 18.54-те шұңқырдан шығарып алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткен.