​Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп мерт болды

0
657

Көлік апатының видеосын желіге куәгерлер жариялады.


​Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп мерт болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында 52 жастағы адамды көлік қағып мерт болды, деп жазады inform.kz

Көлік апатының видеосын желіге куәгерлер жариялады.

«Құлжа тас жолында адамды қағып кетті. Абай болыңыздар. Адам қаққан көліктің осындай болуы үшін ол қандай жылдамдықпен жүрді екен»-, дейді видеоға түсіріп тұрған автор.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл факті 27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы адам оқиға орнында мерт болды» - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.