Алматы облысында әйел өз нәрестесін сатқан

0
829

39 жастағы тұрғыны жаңа туған ұлын жарты миллион теңгеге сатқан.


Алматы облысында әйел өз нәрестесін сатқан

ERNUR.KZ. Алматы облысында әйел жаңа туған нәрестесін сатқан, деп жазады stan.kz.

Өткен аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімшелері Қазақстанда "STOP трафик"жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, үш күнде адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықтаған.

Үш факт құлдық бойынша, он факт адам саудасы, оның ішінде бесеуі балаларға қатысты, жезөкшелікпен айналысуға тартудың жеті фактісі, оның үшеуі кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ 27 факт притон және жеңгетайлыққа қатысты екен.

"Алматы облысында кәмелетке толмағандардың саудасы анықталды. Облыстың 39 жастағы тұрғыны жаңа туған ұлын жарты миллион теңгеге сатқан. Оқиға 2021 жылдың желтоқсанында болды", – деп хабарлады ІІМ апта сайынғы брифингінде.