Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

0
789

Күдіктінің сөмкесінен 56 келі көкнәр табылған.


Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

ERNUR.KZ. Алматы облысында "Допинг" алдын-алу шарасы аясында полицейлер назарына ер адам іліккен, - деп жазады Tengrinews.kz.

Күдіктіні ұстау үшін Қарасай ауданы Алмалыбек ауылының маңында арнайы операция ұйымдастырылды. Нәтижесінде Тараз қаласының 56 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның сөмкесінен 56 келі көкнәр табылған. Тексере келе оның бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды.

"Есірткі буып түйілген күйінде үш үлкен сөмкеге салынған. Есірткінің қайда өсірілгенін және қайда жөнелту жоспарланғаны сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде анықталатын болады. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулау орталығына қамалды", - деді облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.